Астана. 26 желтоқсан. 7kun.kz – Келесі жылы коммуналдық қызмет тарифтері қымбаттайды. Оның себебі инженерлік желілерді жөндеу және жаңғырту қажеттілігіне байланысты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бүгін сенатта «Табиғи монополиялар туралы» заңға бірқатар түзету енгізетін заң жобасы қаралды.
«2023 жылдың екінші жарты жылдығында тиісті өзгеру болады. Себебі мемлекет меншігіндегі және субъектілер өз жұмысын модернизациялауы керек. Президент сайлауалды бағдарламасында желілердің тозуын төмендету мәселесін көтерген. Сондықтан біз желілердің тозуын 15-20%-ға қысқартамыз», – деді министр.
Министр журналистердің «келесі жылы коммуналдық тарифтер көтеріледі ме?» деген сұрағына жауап берді.
«Иә, тариф көтеріледі. Басқа жол жоқ. Бірақ, әрине, бұл әлеуметтік мәселелерді жұртшылықпен талқылаймыз»,– деді Қуантыров.
Ол тарифтерді көтеру мәселесі әр өңірде жеке қаралатынын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024