Алматы. 9 шілде. 7kun.kz - Қазақстанда қалдықтарды кәдеге жарату мәселесі өте өзекті, деп мәлімдеді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Министр Twitter-де Нұр-Сұлтандағы қоқыс полигондары мен қайта өңдеу кәсіпорындары бойынша рейд жүргізгені туралы жазды.
"Бүгінгі таңда кәдеге жарату мәселесі бүкіл ел бойынша өзекті. Елордада қалдықтардың 14% ғана сұрыпталады, басқа аймақтарда көрсеткіш одан да төмен. 2040 жылға дейінгі міндет – қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу деңгейін кем дегенде 40%-ға жеткізу" – деп жазды Мырзағалиев.
Министрді қала әкімі Алтай Көлгінов жұмыс барысымен таныстырды. Қала әкімі Twitter-де қоқысты қайта өңдеуді жолға қою бойынша біраз жұмыстар атқарылғанын, бірақ жұмыс ауқымын кеңейту қажет екенін атап өтті.
Ведомствоның мәліметінше, қатты қалдықтарды өңдеу үлесі 2018 жылы 11,51%-ды құрады, ал бұл көрсеткіш 2017 жылы 9%-ды, ал 2016 жылы 2,6%-ды құраған.
Айта кетейік, осы саладағы проблемаларды кешенді шешу үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару саласында мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024