Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – Биыл әскери іздеуде жүргендердің саны 30 мыңнан асады. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға офицері подполковник Руслан Тапашев айтты.
«Биыл іздестіруде жүрген азаматтарымыз 30 мыңнан асып жығылады. Былтыр 37 мың болған еді», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандарды әскерге шақыру пунктеріне жеткізу үшін тізім жасалып, іздеу жүргізіледі.
«Жұмыс бабымен кетіп қалады, бірақ әскери есептен шықпайды. Сосын әскерге шақыру пунктеріне әскерге шақыру қағазы бойынша келмейді. Сондықтан біз оларды іздестіріліп жатқандар деп айтамыз», – деді подполковник.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024