Астана. 16 қараша. 7kun.kz – Cапасыз білім беріп, тек «диплом берумен» айналысқан 5 университет жабылуы мүмкін. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол соңғы жылдары «диплом таратумен» айналысқан жоғары оқу орындармен тиісті жұмыс жүргізіліп жатқанын және бүгінде 15 университет жабылғанын атап өтті.
«5 университті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Биыл 28 рет мемлекеттік бақылау жүргізілді. Оның 14-і жоспарлы, қалғаны профилактикалық бақылау», – деді вице-министр.
Оның айтуынша, аталған 5 ЖОО-да нақты неше студент оқитынын айта алмады, алайда оларда 10 мың студент оқуы мүмкін екенін айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024