Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – 10 шілдедегі жағдай бойынша банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 67,1 млрд теңге сомаға 7 980 өтінімді мақұлдап, 53,8 млрд теңге сомаға 6 523 қарызды қайта қаржыландырды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.
«Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Ұлттық Банк 130 млрд теңге бөлді. 10 шілдедегі жағдай бойынша револьверлік тетікті есептегенде бағдарлама шеңберінде банктер 165,9 млрд теңге сомаға 26 889 қарызды мақұлдап, 150,0 млрд теңге сомаға 25 473 қарызды қайта қаржыландырды», - делінген хабарламада.
Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделген.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024