Қазақстанда 720 азамат құны 100 млн теңгеден астам сомманы құрайтын жылжымайтын мүлікке ие
Астана. 6 қазан. 7kun.kz – 720 қазақстандық құны 100 млн теңген асатын жылжымайтын мүлік иелері болып шықты. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
«Құны 100 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік иелерінің саны 720 адамды құрады, олардан жалпы сомасы 610 миллион теңге мүлік салығы түскен», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай меншік иелерінің негізгі бөлігі Республикалық маңызы бар қалаларда және елордада – 649 адам немесе 90,1% тұрады.
Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ анықтайтын жылжымайтын мүліктің болжамды құны нарықтағыдан ерекшеленетінін ескерген жөн.
Қазіргі уақытта жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және көлік салығы бойынша салық ставкаларының прогрессивті шкаласы белгіленді. Мәселен, 2021 жылы 3,8 миллион жеке тұлғаның мүлік салығы 15,3 миллиард теңгені құраса, 3 миллион салық төлеушінің немесе 78,4 пайызының 4 миллион теңгеге дейінгі мүлкі бар, делінген ақпаратта.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024