Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-тамызда Қазақстанда 1,8 триллион теңгеге негізгі асыл және түсті металдар өндірілді. Бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 3,5%-ға өсті.
Оның ішінде тазартылған күміс 632,6 мың кг өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда 10,3%-ға төмен.
62,2 мың кг өңделмеген және жартылай өңделген алтын 62,2 мың кг (өсім11,6%) өндірілді. Сонымен қатар, 32,9 мың кг тазартылған алтын 32,9 мың кг (16% өсім) жасалды.
Бұдан басқа, бес айдың ішінде 1,1 млн тонна өңделмеген алюминий (өсім -1%), 101,4 мың тонна өңделмеген қорғасын (өсім - 2%), 219,8 мың тонна өңделмеген мырыш (өсім - 0,8%) және 280,4 мың тонна тазартылған мыс (өсім - 0,2%) өндірілді.