Қазақстанның мұнай өніру зауыттары жоғарғы октанды бензин мен дизель отынының көлемін арттыру мақсатында АИ-80 бензинін өндіруді біртіндеп қысқартуда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Техникалық регламентті талап ету және МӨЗ жобаларын жаңғырту негізінде жоғарғы октанды бензин мен дизель отынын өндіру көлемін арттыру үшін АИ-80 маркалы бензин өндірісі біртіндеп қысқартылып жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Энергетика министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2014 жылы АИ-80 бензинін өндіру көлемі 948 мың тоннаны, 2015 жылы – 618,7 тоннаны (35%-ға аз) құрады. Ал 2016 жылы 521 мың тонна өндіру жоспарланып отыр (16%-ға аз).
Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағындағы Еуро-2, Еуро-3 экологиялық сараптағы автомобиль және дизельді отынды, ауыл шаруашылығы мен жол талғамайтын техникаларға арналған дизель отынын пайдалану мерзімі 2018 жылдың 1 қаңтарына ұзартылды. Мұндай шешім 2015 жылдың 2 желтоқсанында Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында қабылданды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024