Алматы. 27 тамыз. 7kun.kz – Ұлттық банктің халықаралық резерві 2,6%-ға артты, деп хабарлайды қаржы реттеушінің баспасөз қызметі.
2018 жылғы шілдеде Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 30,9 млрд АҚШ долларына дейін 2,6%-ға ұлғайды. Жыл басынан бері 0,5%-ға немесе 141,2 млн АҚШ долларын құрады.
«Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (56,8 млрд АҚШ долл.) қоса алғанда, 2018 жылғы шілденің соңында 87,7 млрд АҚШ долл. болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Бұдан басқа, ақша базасы шілдеде 11%-ға кеңейді және 6 367,7 млрд теңге (жыл басынан бері 15,0%-ға кеңейді) болды.
Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 629,2 млрд теңгеге дейін 12,2%-ға (9,0%) кеңейді.
Алдын ала деректер бойынша, шілдедегі ақша массасы алдын ала деректер бойынша 1,7%-ға ұлғайды және 20 251,1 млрд теңге болды. Айналымдағы қолма-қол ақша 2 103,4 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға (8,1%) ұлғайды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024