Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz — Бүгінгі таңда алимент өндіріп алу туралы 200 мыңға жуық істі сот орындаушылары қарастырып жатыр. Олардың 14 мыңға жуығы проблемалық деп саналады. Бұл туралы Әділет министрлігіннің сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Әмір Омаров мәлім етті.
Оның айтуынша, осы 14 мыңның 4-6 мыңға жуығы алимент төлемейді. Алимент алушылардың негізгі бөлігі - жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған әйелдер.
«Бұл (ата-анасының) жұмыс істемеуімен, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізумен және кейбір объективті немесе қасақана себептермен олардың бала алдындағы міндеттерін орындағысы келмеуіне байланысты. Борыш, мен іс жүзінде айтайын, бірнеше миллионға жетуі мүмкін. Мүмкін, миллион, мүмкін, екі миллион. Себебі бала жасы кәмелетке толғанға дейін 42 мың теңге орташа айлық еңбекақысын негізге ала отырып, ай сайын бұл қарыз геометриялық прогрессияда өсуі мүмкін. Егер алимент тағайындалса, балаға 5 жас болса, онда кәмелеттік жасқа толғанға дейін, яғни 13 жыл ішінде бұл қарыз бірнеше есе көбейтілуі мүмкін", – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024