Нұр-Сұлтан. 4 мамыр. 7kun.kz – Тұрғындары таза ауыз сумен ең аз қамтылған аймақтар Қостанай (74,9%) мен Солтүстік Қазақстан облыстары (83,5%) екен. Республика бойынша 6302 ауыл болса, соның 4759-ы ауыз сумен қамтылған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев кей өңірлердің халықты таза сумен қамтуы кешеуілдеп жатқанын атап өткен. Осы өңірлерге бюджеттен бөлінетін қаражатты беруде басымдық болмақ.
«Таза сумен қамтамасыз ету деңгейін көтеру үшін артта қалған өңірлерге қаржы алдымен беріледі. Ол үшін республикалық бюджеттен 215 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде қалаларға 120 млрд теңге, ауылды жерлерге 95 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде жыл соңына қарай қала халқы 98,5% ал, ауыл жұрты 94,7% ауыз сумен қамтылады», деді министр.
Осылайша, суы жоқ 1543 ауылдың 511-іне орталықтандырылған су жүйесі орнатылса, халқы аз 1032 ауылға жергілікті бюджеттен кешенді блок модульдер орнатылмақшы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024