Алматы. 24 қазан. 7kun.kz – Соңғы 9 айда Қазақстанда шамамен 14 млрд теңгеге 23 мыңға жуық автокөлік өндірілді.
«Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстанда жалпы құны 140,9 млрд теңге болатын 22 709 көлік өндірілді. Өндіріс көлемі өткен жылдың көрсеткішінен 70,3% асты», - деді «Қазавтоөндіріс» Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының» басқарма төрағасы Олег Алфёров.
Оның айтуынша, жеңіл автокөліктер өндірісі 82,6% -ға артып, 21137 бірлікке жетті.
«Олардың ішінде «АЗИЯ АВТО» АҚ үлесіне 13 мың 365 бірлік (63,2%),«Сарыарқа АвтоПром» ЖШС 7 772 дана (36,2%) тиесілі. 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша қазақстандық кәсіпорындардың конвейерлерінен 3 мың 244 автокөлік құралы келіп түскен, бұл 2017 жылдың көрсеткішінен 2,2 есе артық (1 мың 503 бірлік)», - деді Олег Алферов.
Сонымен қатар, автобустар мен жүк көліктерінің өндірісі төмендеді.
«Қаңтар-қыркүйекте автобус жабдығының шығуы (231 бірлік) 1,9 есе төмендеді. Жүк машиналарын өндіру (802 бірлік) 17,2% -ға төмендеді », - деп мәлімдеді Олег Алферов.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024