Алматы. 28 мамыр. 7kun.kz — «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Онда көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен өзара іс-әрекеттін жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінде хабарлады.
Түзетулер техникалық байқаудан өтуді автокөліксіз қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ, көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізудің сапасын жақсартады.
«Бүгінгі күнде "Техникалық байқау" Бірыңғай ақпараттық жүйесіне бақылау-диагностикалық жабдықтардан ақпарат беретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету талаптары орнатылмаған», - делінген хабарламада.
Жоба мемлекеттік органдар тарапынан мақұлданды.
Айта кетейік, 2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 152 техникалық байқау операторын тексерді. Көлік құралдары мен олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидалары бойынша 724 бұзушылықты анықтады. Техникалық байқау операторларына қатысты 3 млн. 849 мың теңге сомасына 193 әкімшілік материал жасалды, тізілімнен 88 оператор шығарылды.
Сондай-ақ, 2018 жылдың қараша айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін жалған диагностикалық карталарды анықтау бойынша 150-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде диагностикалық карталарды қолдан жасаудың 84 фактісі анықталды. Техникалық байқау операторларына қатысты 26 әкімшілік материал жасалды және 2 қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа, техникалық байқау операторларына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін 13 тапсырма жіберілді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024