Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 ақпанда банк секторының жиынтық активтері 25 213,6 млрд теңгені құрады, - деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,2%, бағалы қағаздар портфеліне – 20,8%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 13,6% тиесілі.
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 068,2 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,1%-ін құрады.
Несие портфелі бойынша провизиялар 1 887,6 млрд теңге немесе несие портфелінің 14,4%-і (2019 жылдың басында – 1 776,6 млрд теңге немесе 12,9%) мөлшерінде қалыптасты.
Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 22 093,7 млрд теңгені (2019 жылдың басынан бастап 0,6%-ке азаю) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,1%-ті, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 7,6%-ті, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 4,0%-ті иеленеді.
Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2019 жылдың басымен салыстырғанда 6,24%-тен 3,22%-ға дейін немесе 1 328,0 млрд теңгеге төмендеді.
2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2019 жылғы қаңтарда 3,2%-ке ұлғайып, 3 119,9 млрд теңге болды.
Таза пайда (табыс салығын төлегеннен кейін ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асуы) 104,7 млрд теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тиісінше 5,0% және 3,9% болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024