Қазақстан. 27 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда тұрғын үй бағасының тұрақтанып келе жатқаны байқалуда. Бұл туралы Біріккен риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко ҚазАқпаратқа берген жауабында айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Баспана нарығында мүлікті сатып алу-сату шарттарының азаюы тұрғысында бағаның тұрақтануы байқалып отыр. Осы орайда мүлік иесі бағаны түсірген жағдайда ғана тұрғын үйлер сатылып жатыр», - деді Лукьяненко.
Оның айтуынша, жыл басынан бағаның өсімі бір айда 2,1-5,5%-ды құраса, мамыр-шілдеде баспана құны оның жаңа немесе ескі болуына қарай қалыптасты. Бұл тұрғыда баспананың түріне қарай 0,4%-дан 1,7%-ға дейін өсті.
«Егер ай сайынғы инфляция деңгейін назарға алсақ, онда жылжымайтын мүлік құны төмендеп келе жатыр деген пайымға келуге болады», - деді ол.
Тэги:
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024