Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда танымал АИ-92 маркалы бензин шілденің қорытындысы бойынша 0,02%-ға, 146,7 теңгеге дейін арзандады. АИ-95 және жазғы дизель отыны, керісінше, литріне 0,2%-ға, 168,7 және 192,5 теңгеге дейін қымбаттады. Ал, АИ-98 маркалы бензин бағасы бір айда 0,4%-ға, литріне 186,2 теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Energyprom.kz хабарлайды.
Бензин мен дизель отынын өндірудің барлық көлемі Шымкент, Павлодар және Атырау облыстарына келеді, онда елдің басты мұнай өңдеу зауыттары орналасқан: Шымкент мұнай өңдеу зауыты «ПетроКазахстан Ойл Продактс» (ПҚОП), Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) және Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ).
Қаңтар–шілде айларында Шымкент қаласында моторлы отын (авиациялық бензинді қоса алғанда) шығару 996,8 мың тоннаға жетті-өткен жылмен салыстырғанда 83,8%-ға артық. Павлодар облысында көлем 16,7%-ға, 753,7 мың тоннаға дейін қысқарды; Атырау облысында шығарылымның 11,5%-ға, 550,8 мың тоннаға дейін қысқаруы тіркелді.
Дизель отынын өндіру көлемі бойынша Павлодар облысы көш бастап тұр: 1,1 млн тоннаға жуық — өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға кем.
Екінші орында Атырау облысы: 874,1 мың тонна, жылдық өсім —7,3%. Шымкент зауыты 845,4 мың тонна өнім өндірді, жылдық өсім — 37,6%.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024