Алматы. 19 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда бензин мен дизель отынының орташа құны долларға шаққанда Еуразиялық экономикалық одақта ең аз болып шықты.
2019 жылғы маусымда Қазақстандағы автокөлік бензинінің орташа бағасы литріне 0,4 долларды құрады. Ресейде бұл отынның литрі – 0,7 доллар, Беларусьте – 0,8 доллар, Арменияда – 0,9 доллар, Қырғызстанда – 0,6 доллар болды.
Сондай-ақ, Қазақстанда дизель отынының ең төменгі бағасы - 0,5 доллар. Арменияда – 1 доллар, Беларусьте – 0,8 доллар, Ресейде – 0,7 доллар, Қырғызстанда – 0,6 доллар.
Алайда, тұтастай алғанда, Қазақстан отын-энергетикалық ресурстарға бағаның өсуі бойынша ЕАЭО-да көшбасшы болды.
2019 жылғы маусымда Қазақстанда отын-энергетика ресурстарын өндірушілердің бағасы 2018 жылғы маусыммен салыстырғанда 8,2%-ға өсті.
Осылайша, Беларусьте көрсеткіш 6,9%-ға, Ресейде – 4,1%-ға, Қырғызстанда – 0,7%-ға өсті. Арменияда бір жыл ішінде аталған тауарлардың бағасы керісінше 2,1%-ға төмендеді.
Тауарлар бөлінісінде Қазақстанда автокөлік бензинінің бағасы бір жылда 9,1%-ға төмендеді. Ресейде бензин бір жыл ішінде 14,9%-ға, Қырғызстанда – 9,1%-ға арзандады. Алайда Беларусьте бұл тауар 38%-ға қымбаттады.
Беларусьте дизель отынына бағаның едәуір өсуі байқалады. Одан кейін Қазақстан 8,6% өсіммен келеді. Қырғызстанда және Ресейде бұл өнімдер керісінше 40,3% және 4,3% төмендеді.
Бұдан басқа, Қазақстан ЕАЭО-дағы электр энергиясы бағасының 7%-ға төмендегені тіркелген жалғыз ел болды. Ресейде бұл коммуналдық қызмет бір жыл ішінде 5,8%-ға, Арменияда – 5,6%-ға, Беларусьте – 2,5%-ға қымбаттады. Қырғызстанда электр энергиясының бағасы өзгерген жоқ.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024