Қазақстанда биыл бала туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелуі мүмкін – министр
Астана. 17 қараша. 7kun.kz – Соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Министрдің айтуынша, қазір Орталық Азия елдері «демографиялық жарылыс» алдында тұр. Ол бұған миграцияның әсері де екенін атап өтті.
«Екі күн бұрын БҰҰ дүниежүзіндегі 8 миллиардыншы тұрғын дүниеге келгенін жария етті. 7 миллиардтан 8 миллиардқа соңғы 12 жылда жетіп отырмыз. Яғни, дүниежүзінде халық саны күрт артуда», – деді ол.
Саясат Нұрбек соңғы үш жылда Қазақстанда 1,5 миллионға жуық бала дүниеге келгенін айтты.
«Осы жылдың қорытындысында 500 мың бала дүниеге келеді деген болжам бар. Былтыр 456 мың бала, алдыңғы жылы 426 мың бала дүниеге келді. Бұл 3 жыл қатарынан демографиялық рекорд саналады. Соңғы рет мұндай рекорд 1987 жылы тіркеліп, 417 мың сәби дүние есігін ашқан еді», – деді министр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024