Нұр-Сұлтан. 21 сәуір. 7kun.kz – 2022 жылы жалған ақша жасау фактілері бойынша 12 іс сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оның ішінде 7 жағдай Нұр-Сұлтан қаласында, Батыс Қазақстанда 2 және Маңғыстау облысында 2 жағдай, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тағы бір фактіден тіркелді.
Қабылданған шаралар жалған банкноттардың сатылуына жол бермеді. Олардың жалпы саны 67 мың АҚШ долларын құрайтын 1200 данадан асады.
Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласында жалған шетел валютасын сақтау және сатумен айналысқан тұлғалар ұсталды. Заңсыз айналымнан жалпы сомасы 55 700 АҚШ доллар, номиналы 50 АҚШ долларын құрайтын 1114 жалған банкнот тәркіленді. Тергеу нәтижесі сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024