Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Қылмыстық кодексіне шенеуніктер тарапынан бизнестің қызметіне кедергі келтіру жағдайына байланысты жауапкершілік енгізуді тапсырды.
"Мен бизнесті дамыту үшін жағдай жасау және осы саладағы мемлекеттік негізсіз бақылауды қысқарту қажеттігіне назар аудардым. Менің ұстанымымды сіздер білесіздер. Ұлттық буржуазия деп аталатын отандық бизнесті барынша қолдау керек. Ал оның дамуына негізсіз тексерулерімен, қорқытушылықпен, рейтерлікпен кедергі келтіретіндерді қатаң жазалануы керек. Мемлекеттік органдар мен олардың өкілдерінің бизнесті бүлдіруге бағытталған іс-қимылдарын криминализациялайтын уақыт келді деп санаймын. Заңнамада қылмыстық қудалауға дейін қатаң шараларды қарастыру қажет. Бұл бірқатар мемлекеттерде бар… Үкіметке заңнамаға өзгерістер енгізуді тапсырамын", - деді Президент.
Сондай-ақ, Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту ұлттық инвесторлар кеңесініңотырысында егжей-тегжейлі қаралып, нақты міндеттер қойылғанын еске салды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024