Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі артты

Қазақстанда бөлшек сауда көлемі артты
Алматы. 16 қазан. 7kun.kz - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда көлемі 7,2 трлн теңгені құрады. Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы Алматыға (29,7%), Астанаға (12%), Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына (9,1%) келеді. Ең көп сату үлесі жеке кәсіпкерлерге (43%) келді. Одан әрі шағын (30,3%) және ірі (18,5%) кәсіпорындар жүріп жатыр. Орта бизнеске 8,2% ғана үлес тиесілі.

Похожие материалы