Нұр-Сұлтан. 25 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның үш өңірінде «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пилоттық жобаны Әділет министрлігі Цифрлық даму, инноваицялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Республикалық нотариаттық палата бірлесіп іске асыруда.
Бірінші кезеңде пилоттық жобаға Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысының нотариустары қатысады.
«Цифрлық нотариат» жобасы нотариалдық сенімхаттарды онлайн куәландыруды көздейді», - деп хабарлады әділет министрлігі.
Бұл жоба азаматтарға мына сенімхат түрлерін электронды форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді:
- барлық құзырлы органда және кәсіпорындарда өз мүдделерін білдіру;
- мұрагерлік істі жүргізу;
- Қазақстан соттарында істерді жүргізу.
Қызметті алу үшін Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйедегі «Цифрлық нотариаттық іс-әрекеттер» сервисіне өту қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024