Алматы. 18 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда фармецевтикалық өнімдер 7%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Energyprom.kz.
Жалпы 2018 жылы дәрі-дәрмек өндіру 7,7%-ға артқан – 15,03 тонна. Ал, тамызда дәрі бағасы 0,5%, жыл көлемінде 7,3% қымбаттаған. Соның ішінде анальгетикалық дәрілер жылына 15,9% қымбаттапты. Екінші орында асқазанға арналған дәрілер – 15,1%.
Естеріңізде болса, өткен аптада денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тегін берілетін дәрілердің сатылғаны жөнінде сөз қозғаған. Оның айтуынша, аталмыш фактор еліміздің барлық өңірінде кезігеді. Алдағы уақытта дәріханаларда баға бақылауын күшейтуге байланысты жоба жасалып жатқанын да атап өткен ведомство басшысы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024