Нұр-Сұлтан. 17 маусым. 7kun.kz – Елордада такси жүргізушісі жалға алған көліктерден катализатор ұрлап, такси компаниясын 2,5 миллион теңгеге шығынға батырды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Сарыарқа аудандық полиция бөліміне «Смарт такси» ЖШС басшысы арызданып, Chevrolet Cobalt маркалы көліктерден катализатор ұрланғанын айтқан. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 39 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол такси жүргізушісі болып жүргенде жалға алған көліктерден катализатор ұрлаған. Әрбірінің бағасы – 830 мың теңге.
«Күдікті екі күннің ішінде көліктерді техникалық қызмет көрсету орталықтарына апарып, автомеханиктерге катализаторларды ақыға кескізіп алған. Сосын бәрін металды қабылдау орнына төмен бағамен өткізген», - дейді ПД-да.
Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024