Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – 2018 жылдың қараша айының басындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 28,6 мың теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ға көп (25,7 мың теңге). 2017 жылы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 9,7%-ға артып, 23,5 мыңнан 25,7 мың теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Finprom.kz.
Соңғы бес жылда ең төменгі күнкөріс деңгейінің едәуір өсімі ағымдағы жылы (11,2%) байқалды.
Атап айтар болсақ, тауарлар мен қызметтердің бағасы жылына 5,3%-ға, оның ішінде азық-түлік тауарлары мен қызметтерге - 4,7%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 6,5%-ға өсті.
Ағымдағы жылғы қазан айының соңында ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы деңгейі Маңғыстау облысына келеді, мұнда орташа жан басына шаққанда 36,2 мың теңге. Келесі кезекте Астана мен Алматы сияқты мегаполистер орналасқан, онда бұл көрсеткіш тиісінше 32-33 мың теңге. Ең жоғары күнкөріс минимумы бар бестікті Шығыс Қазақстан (29,7 мың теңге) және Атырау облыстары (29,2 мың теңге) түйіндейді.
Ең төменгі күнкөріс минимумы Павлодар (26 мың теңге), Қызылорда (25,8 мың теңге) және Жамбыл (25,3 мың теңге) өңірлеріне тиесілі.
Естеріңізге сала кетейік, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер күн көріс минимумын есептеудің жаңа жүйесі бойынша жалпы көлемнің 45%-ын құрайды. Қазан айының соңына бұл 12,9 мың теңге.
Енді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 55%-ын ғана алатын азық-түлік тауарлары 15,7 мың теңгені құрады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024