Экономика
Қазақстанда еңбек құлдығында болған 10 өзбекстандық азамат Отанына жеткізілді
Өзбекстан. 4 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда еңбекке пайдалану үшін күштеп ұсталған 10 Өзбекстан азаматы Отанына қайтарылды. Бұл туралы Өзбекстан СІМ хабарлады.
Алматыдағы Өзбекстанның Бас консулдығына үш адам хабарласып, оларды жергілікті тұрғындар тобы жеке заттары мен ұялы телефондарын тартып алып, жеке үйде ұстаған айтқан.
«Бас консулдық қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе Өзбекстан азаматтары орналасқан жерге барды. Олар Бостандық аудандық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Өзбекстан азаматтарына паспорттары мен жеке заттары қайтарылып, Отанына Алматы-Ташкент маршруттық рейсімен жіберілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024