Алматы. 24 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда халық санағын өткізу күндері белгілі болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтында.
Санақ 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді.
Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілді: сауалнама жүргізуге мүмкіндік беретін планшетке арналған мобильді қосымша, респонденттердің санақ парақтарын өз бетінше толтыруға арналған арнайы сайт, "Аудандастыру" автоматтандырылған жұмыс орны әзірленді.
Сондай-ақ санақ жүргізу кезеңінде халықты қолдау және ақпараттандыру үшін колл-орталық құрылады.
Санақтың алдын ала қорытындылары 2021 жылы, ал түпкілікті нәтижелер 2022 жылы жарияланады деп жоспарланған.
Бұл шешім 2019 жылғы 19-20 қыркүйекте өткен Аумақтық статистика органдары мен ведомстволық бағынысты ұйым өкілдерінің қатысуымен Статистика комитетінің кеңейтілген отырысында қабылданды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024