Алматы. 10 қазан. 7kun.kz – Аз қамтылған азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек мұқтаж жандар төмендетілген бағамен газ алуға құқылы, деп хабарлайды 7kun.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды облысында 1 текше метр газдың бағасы 36,4 теңге, ал АӘК және тұрғын үй көмегін алушылар үшін 29,1 теңгені құрайды. Түркістан облысы мен Шымкентте 1 текше метр газ 29,1 теңге тұрса, ал аталған көмек түрлерін алатындар үшін 23,2 теңге.
Тұрғын үй көмегіне мұқтаж аз қамтылған азаматтар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылардың төмендетілген бағамен газ ала алады. 11 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұратын АӘК пен тұрғын үй көмегін алушылар үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-дағы газды сатудың бөлшек бағалары 20%-ға төмен.
Алдыңғы дылы елде атаулы әлеуметтік көмек 990,5 мың адамға тағайындалды. Олардың басым бөлігі Түркістан облысы (237,5 мың адам), Шымкент қаласы (225,8 мың адам) және Алматы облысының (115,1 мың адам) тұрғындары.
Әлеуметтік төлемдердің ең жоғары орташа айлық мөлшері Астана (8,4 мың тг), ШҚО (8,4 мың тг) мен Алматыда (8,1 мың тг) тіркелді.
Мемлекеттік тұрғын үй көмегін алушы отбасылар саны 32,2 мыңды құрады. Олардың ең көп саны Қызылорда (4,6 мың), Шығыс Қазақстан (4,1 мың) және Жамбыл (4 мың) облыстарында тұрды.
2021 жылғы тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері – 3,3 мың теңге. Ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау (8,4 мың теңге), Қызылорда (6 мың теңге), Түркістан облыстарында (6 мың теңге) тіркелді.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024