Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың сегіз айында (2019 жылдың тамыз көрсеткіштерін 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда) импортталатын тауарлардың бағасы 4,7%-ға, экспортталатын тауарлардың бағасы 2,5%-ға өсті, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің сайтында.
Қазақстандықтар үшін импорттық тауарларды сатып алу қымбатқа түсті. Көкөністердің бағасы ең жоғары деңгейде өсті – 40,6%. Кондитерлік өнімдер – 9,6%, күріш – 8,5%, балық – 8,2%, темекі – 7,4%, макарон өнімдері – 6,6%, сүт өнімдері – 6%, құс еті – 4,3%, шай - 4,1% қымбаттады. Фармацевтикалық өнімнің бағасы 9,8%-ға көтерілді.
Өз кезегінде қант 7%-ға, жемістер мен жаңғақтар – 6,9%-ға, какао - 4%-ға арзандады.
Есепті кезеңде негізгі экспорттық тауарлардың бағасы өсті: темір кендеріне – 41%, көмірге – 17,4%, қорғасынға – 5,4%, мұнайға – 3,7%. Бағаның бидайға 18,3%-ға, жүнге – 1,6% - ға өсуі, ал мақтаға - 3,1%-ға азаюы белгіленді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024