Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда инвесторлар 10 жылға салықтан босатылады

Қазақстанда инвесторлар 10 жылға салықтан босатылады

Басымдығы бар салаларда жұмыс істейтін инвесторларды корпоративтік табыс салығынан, 10 жыл мерзімге жер салығынан, 8 жылға мүлік салығынан босату қарастырылған. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік ірі бизнес өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент кездесі барысында елді индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру мемлекеттің өткен жылдардағы жұмсаған күш-жігерінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

"Индустрияландырудың басым бағыттары – металлургия, химия и мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс материалдары, азық-түлік өндірісі. Басымдығы бар салаларда жұмыс жүргізетін инвесторлар үшін корпоративтік табыс салығынан, 10 жыл мерзімге жер салығынан, 8 жылға мүлік салығынан босату түріндегі артықшылықтар қарастырылған. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін инвесторларға 30%-ға дейін капитал шығындары қайтарылатын болады. Шетелдік жұмыс күшін қандайда бір квотасыз және рұқсаттамасыз тартуға мүмкіндік берілді. Бұдан бөлек, 2015 жылғы инвесторлар үшін визасыз режим тізімі әлемнің 35 еліне дейін қамтылған, 2017 жылдан бастап ол 54 елге дейін жеткізіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. АЭА аумағында тұтынылатын тауарлар үшін жер, мүлік және қосымша құн салығынан босату түріндегі жеңілдіктер ұсынылады. Жер учаскесін жалға алу 10 жылға дейін тегін", – деді Президент.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмыстар туралы айтылды.

"Соңғы жылдарда біз рұқсат беретін құжаттар санын екі есе қысқарттық және оларды алу рәсімдерін жеңілдеттік, электрондық үкімет жұмыс істеп тұр. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, әлемдегі үздік фискалдық саясаттың бірі Қазақстанда жүргізілуде. Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдіктері» рейтингісінің «салық салу» көрсеткіші бойынша, еліміз 189 елдің ішінен 18-орынға ие болып отыр. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісі бойынша Қазақстан соңғы жылы 12 сатыға жоғарылап, 41-орынға жетті. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісі бойынша 8 тармаққа жоғарылап, 42-орынға табан тіреді", – деді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы