Экономика
Қазақстанда Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізілмек
Нұр-Сұлтан. 17 маусым. 7kun.kz – 2022 жылы Қазақстанға бір миллионға жуық шетелдік турист келеді деп күтілуде. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Оның айтуынша, биыл Қазақстан ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді – 6,9 млн адам. Алдыңғы рекорд 2019 жылы орнатылған еді.
«Алайда шетелдік туристер рекорды әлі жаңарған жоқ. Биыл жоспар бойынша 500 мыңнан бір миллионға дейін шетелдік турист қабылдаймыз. Пандемияға байланысты енгізілген шектеулердің барлығы алынып тасталды. Визасыз режим 74 елге қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге дейін ұлғайту жоспарлануда. Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесі пысықталуда», – деді Ержан Еркінбаев.