Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда іскерлік белсенділік нашарлап кетті

Қазақстанда іскерлік белсенділік нашарлап кетті

Алматы. 2 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда іскерлік белсенділік 48,7-ге дейін төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, іскерлік белсенділік біршама нашарлап, индекс әлі де теріс көрсеткіш көрсетіп отыр. Құрылыста айтарлықтай нашарлау байқалады. Іскерлік белсенділік индексі жаңа тапсырыстар көлемі мен жекелеген секторлардағы жұмыспен қамту деңгейінің түсуі есебінен 48,7-ге дейін (қазанда – 49,2) төмендеді.

«Іскерлік белсенділіктің төмендеуі өндірістен басқа барлық секторда байқалды. Өндірісте көрсеткіш аздап ұлғайып, 48,8 дейін көтерілді (қазанда – 48,6). Құрылыста және тау-кен өнеркәсібінде іскерлік белсенділік индексі тиісінше 44,7 және 48,4 белгісіне дейін (қазанда 47,2 және 50,4-тен) төмендеді. Қызмет көрсету секторында индекс мәні өткен айдағы деңгейде қалып, 49,2 (қазанда 49,3) құрады», – деді ол.

Кәсіпорындардың пікірінше, 2022 жылғы қарашада қазіргі бизнес жүргізу жағдайлары нашарлады. Ал алдағы 6 айдағы болашақ жағдайларға қатысты оптимизм жақсы.

Соңында бүгінгі және келешектегі бизнес жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі жақсарып, бизнес-циклдің «сағат» индикаторы көтерілді. Кәсіпорындар коммуникацияларға қолжетімділіктің және дайын өнімге сұраныстың өзгеруін оң бағалады. Бизнес жағдайларының қалған факторларын бағалау бойынша теріс бағалау басымырақ болды.

Похожие материалы