Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда кәсіпкерлік бағыттағы ең беделді магистрлік білім беру бағдарламасының тұсауы кесілді

Қазақстанда кәсіпкерлік бағыттағы ең беделді магистрлік білім беру бағдарламасының тұсауы кесілді

Алматы. 6 мамыр. 7kun.kz – Бүгін Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университетінде (UIB) бірге қазақ тілінде оқытылатын MBA бағдарламасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды 7kun.kz.

MBA (Master of Business administration) бағдарламасының миссиясы – адамдарды, уақытты, қаржыны басқаруды үйрету.

Аталған іс-шараға белді кәсіпкерлер,  жетекші ғылым қайраткерлері, магистранттар, докторанттар, профессорлар мен оқытушылар құрамы қатысты.

«Бүгінде қоғамда антикризистік менеджерлердің рөлі артуда. Соңғы жылдары біз ұйымдастырудың заманауи әдіснамасы және жаңа MBA бағдарламалары мысалында оқыту кезінде тыңдаушылармен өзара әрекеттесу формаларында бай тәжірибе жинадық. Бүгінгі таңда GSB UIB әр саланың көшбасшы антикризистік топ менеджерлерін даярлайтын жаңа бағдарламаларын ұсынады», – дейді ұйымдастырушылар.

MBA негізінен төрт білім беру бағытын ұсынады: Қаржы менеджменті, Маркетингтік менеджмент, Менеджмент және General. Әрқайсысының оқу ұзақтығы 2 жыл және барлығында шетелде тағылымдамадан өту қарастырылған.

Бұл бағдарламалар топ-менеджерлерге, жоғары буын басшыларына және бизнес иелеріне арналған үздік сапалы білім беруді ұсынады. Айта кетейік, бағдарлама Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесе отырып жүзеге асады.

Похожие материалы