Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz – 2022 жылдың соңында Қазақстанда бір адамға кепілсіз несие бойынша ең жоғары қарыз 3,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды 7kun.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
«Біз қарыз алушылар арасында, орташа қарыздар арасында айтарлықтай күрделі стратификацияны көріп отырмыз. Бұл ретте несиенің бұл түрі бойынша ең жоғары қарыз бір адамға 3,5 миллиард теңгені құрады», – деді Бірінші несиелік бюроның Бас директоры Руслан Омаров.
Негізінде мұндай несиені 30 бен 44 жас аралығындағы азаматтар алады. Кепілсіз тұтынушылық несиелерді пайдаланушылардың жалпы саны шамамен 7 миллион адамды құрады.
Бірінші несиелік бюроның мәліметі бойынша, өткен жылы қарастырылған несие сегментінің портфелі 28%-ға өсіп, 7,4 трлн теңгеге жетті. Несие алушылардың қарызының жартысы 500 мың теңгеден аспаған.
2022 жылы қазақстандықтарға 6,7 трлн теңгеге тұтынушылық несие берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 16,8%-ға артық. Несиенің орташа сомасы 314-тен 246 мың теңгеге дейін төмендеді.
Қарыз алушылар тұтынушылық несиелердің шамамен 13%-ын үш ай және одан да көп уақыт бойы төлемеген.
Тэги:
Похожие материалы
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024
Запланирован пробный рейс по перевозке литий-ионных батарей из Китая
- 06 желтоқсан, 2024