Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыру ұсынылды, деп хабарлады қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті салық әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасинов.
Оның айтуынша, елде жеке тұлғалар үшін салықтық өзгерістер күтіледі.
"Бүгінгі таңда жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімін салық кезеңінің 31 желтоқсанынан бастап есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру мәселесі қарастырылуда. Бұл табыстың уақытылы түсуін қамтамасыз ету үшін қажет", - деді ол.
Мұндай жаңашылдықтар "Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында қарастырылған.
"Сондай-ақ мүлік салығы мен жер салығын біріктіру ұсынылады. Заң жобасында мүлік салығын және жер салығын төлеуді оңайлату мақсатында жеке тұлғалар аталған салықтарды салық элементтерін өзгертпей біріктіруді ұсынды", – деп нақтылады МКК өкілі.
"Осылайша, жер мен мүлікке салынатын салық жеке-жеке қарастырылады, ал салық төлеуші - бір мөлшерде төлеуге ұсынылады », - деп түйіндеді ол.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024