Нұр-Сұлтан. 26 шілде. 7kun.kz – Көпбалалы отбасыларға жыл басынан бері 170,1 млрд теңге жәрдемақы берілді. Төлемдер 501,5 мың отбасын қамтыды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:
- 4 балаға – 50 975 теңге;
- 5 балаға – 63 727 теңге;
- 6 балаға – 76 479 теңге;
- 7 балаға – 89 231 теңге;
- 8 балаға – 101 760 теңге;
- 9 балаға – 114 480 теңге;
- 10 балаға – 127 200 теңге;
- 11 балаға – 139 920 теңге;
- 12 балаға – 152 640 теңге;
- 13 балаға – 165 360 теңге;
- 14 балаға – 178 080 теңге;
- 15 балаға – 190 800 теңге;
- 16 балаға – 203 520 теңге (немесе әр балаға 12 720 теңге төленеді).
Айта кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024