Қазақстанда лицензиясынан айырылған банк салымшыларына өтем ақша төлеуді қандай ұйым ұйымдастырады?
Қазақстанда барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған банк салымшыларына кепілдік берілген өтемнің төленуін қамтамасыз ететін ұйым - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (Қор).
Ол 1999 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен акционерлік қоғам ретінде құрылған коммерциялық емес ұйым. Мемлекет атынан Қордың құрылтайшысы әрі жалғыз акционері - Қазақстанның Ұлттық Банкі (100 %).
Қордың негізгі мақсаттары – отандық қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысу және барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілген депозит бойынша банк салымшыларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осылайша азаматтардың банк жүйесіне деген сенімін қолдауға Қор өз үлесін қосуда.
Бұл ретте төлемге қабілетсіз банк салымшыларының кепілдік берілген өтемді қалай алатындығы осы банк лицензиясынан айырылған күннен бастап, 35 жұмыс күні ішінде шешілетіндігін айта кеткен жөн. Осы уақыт аралығында төлемге қабілетсіз банктің активтері мен мүліктері жеткілікті болса, онда оның активтері мен мүліктерін, олардың ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін толық көлемде басқа банкке өткізу шарасы қолға алынады. Егер Қазақстанның қаржы нарығын реттеу және дамыту агентттігі мұндай операцияны жүргізуді келістіруден бас тартса, Қор салымшылар алдындағы міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алып, оларға кепілдік берілген өтемді төлеу шарасын қолға алады.
Сонымен қатар Қор өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін мынадай негізгі қызметтерді атқарады: депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктердiң тiзiлiмiн жүргiзедi; өзінің активтерін инвестициялайды; кепiлдiк берiлген өтемдi төлеуге арналған арнайы резервті құрады; лицензиясынан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) бір мезгілде өткізу операциясы жүргізілу барысында кепiлдiк берiлген депозиттерге қатысты мiндеттемелердiң мөлшерi банк мүлкінің мөлшерiнен асып кетсе, пайда болған айырманың орнын толтырады; өзі бекіткен агент банктердің алдын ала тізбесінен кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын банкті таңдайды; қатысушы банкті консервациялау кезеңінде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына қатысады; қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргiзу лицензиясынан айыру кезеңiнде тағайындалатын уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады; сондай-ақ мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясы мен кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады.
Бүгінде Қор Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының қауымдастырылған мүшесі әрі Депозиттерді сақтандыру жүйелері халықаралық қауымдастығы – IADI-дің (International Association of Deposit Insurers) мүшесі. Қор қауымдастық жұмысына белсене қатысады: халықаралық тәжірибелерді қабылдайды және ең үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, еліміздің депозиттерге кепілдік беру жүйесін дамытуға атсалысып келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024