Астана. 27 мамыр. 7kun.kz - "Инновациялық технологиялар паркі" Автономдық кластерлік қоры ("ИТП" АКҚ) Астана экономикалық форумы-2016 аясында «McKinsey&Co» және «IBM» компанияларымен бірге ынтымақтасу және біліктілік орталықтарын жүзеге асыру жөнінде ресми құжаттарға қол қойды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Басқару консалтингі саласындағы «McKinsey&Co» әлемдік жетекші компаниясымен Қазақстан Республикасында Жаңа материалдар және аддитивтік технологиялар орталығын (Біліктілік орталығын) құру ниеті жөнінде мәмілеге қол қойылды.
Біліктілік орталығы машина жасау саласына арнап материалдар мен жартылай фабрикаттарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибелерге сәйкес жаңа материалдарды және аддитивтік технологияларды жаңадан жасап шығаруға мүмкіндік бермек. Орталықта "естимін, көремін, жасаймын" деген тұжырымға негізделген қарқынды оқулар өткізілетін болады. Мамандар нақты өндірістік үдерістерді жаңадан жасап, өзгеріске ұшырайтын алдын ала үлгісі жасалған барлық элементтерді жаңадан жасап шығаруға мүмкіндік беретін "бақыланбалы" ортаны қамтамасыз ететін болады.
Айта кетейік, осыған дейін 2016 жылдың 20 сәуірінде аталған компаниямен "Майнекс Орталық Азия - 2016" VII тау-кен өнеркәсібі форумы аясында Тау-кен металлургиялық кешенге арналған біліктілік орталығын құру жөнінде құрылтайшылық құжаттарға қол қойылған болатын. Орталық Алматы қаласында 2016 жылдың екінші жартыжылдығында ашылады деп жоспарлануда.
Похожие материалы
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024