Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда мүгедек балалары бар отбасыларға ерекше мәртебе берілуі мүмкін

Қазақстанда мүгедек балалары бар отбасыларға ерекше мәртебе берілуі мүмкін

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Үкіметте Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы ерекше жандарға мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек мәселесін қозғады. 

Елімізде 1 шілдеден бастап мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелейтін отбасыға ерекше мәртебе берілуі мүмкін. Бұл осындай жанұялардың алып отырған жәрдемақысының көлемі артады дегенді білдіреді. Яғни, бүгінде мұндай жанұялар мемлекеттен 30 мың теңгедей жәрдемақы алса, мәртебе берілген күнде бұл сома 40 мың теңгеден аспақ.   

«Ұсыныс отбасылардың өздерінен түсті. Министрлік бүгінде мәртебе жайын қарастыруда. Егерде шешім шықса, мүгедектікке төленетін қазіргі жәрдемақы 1 шілдеден бастап 30 пайызға артады. Бұл – қазіргі көмек қаржысы 31 мыңнан 42 мың теңгеге жетеді деген сөз», – деді ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі  Светлана Жақыпова.

Қазір елімізде мүмкіндігі шектеулі 88 мың бала бар. Олардың 15 мыңы үйінде білім алуға мәжбүр. Ерекше күтімді қажет ететін жасөспірімдерге арналған 4000-нан астам түрлі деңгейдегі оқу орны бар. Бірақ бұл көрсеткішке ведомствоның көңілі толмайды. Сондықтан мүгедек жандармен жұмыс істейтін мұғалімдер тағайындап, арнайы платфлорма іске қосылады.

Похожие материалы