Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі қысқартылмақ

Қазақстанда неке тіркеу мерзімі қысқартылмақ

Нұр-Сұлтан. 14 маусым. 7kun.kz – ҚР Әділет министрлігі неке қиюды тіркеу мерзімін бір айдан 15 күнге дейін қысқарту мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды 7kun.kz.

Некені тіркеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекспен реттеледі және оны жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

«Электронды үкімет порталы арқылы да, АХАЖ бөлімшелері арқылы да некені тіркеуге өтініш беруге болады. Қолданыстағы заңнама нормалары бойынша некеге тұру туралы өтініш некені мемлекеттік тіркеуден бір ай бұрын беріледі», – деді ҚР Әділет министрлігінде.

Некені тіркеу мерзімін бір күнге дейін қысқартуға болатын айтылды.

«Тиісті құжаттармен, медициналық мекемелердің анықтамаларымен, тіркелген жерімен расталған дәлелді себептер (жүктілік, босану, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да ерекше жағдайлар) болған жағдайда, өтініш берілген күні некені тіркеуге болады», – деді ҚР Әділет министрлігінде.

Похожие материалы