Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан бойынша қиылған некелердің саны 27,9 мыңды құрады — өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 1,8%-ға аз. Қалалық жердегі некелердің үлесі 67%-ды немесе 18,7 мыңды құрайды, бұл өткен жылға қарағанда 1%-ға көп. Ауылдық жерлерде, тиісінше, олардың үлесі 33% немесе 9,2 мың адам — 2018 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 7,1% аз, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Ажырасу саны да қысқарды: 2,7%-ға, 13,1 мыңға дейін, бұл ретте қала тұрғындары жиі ажырасады. Қалалық жердің үлесі 74,3% немесе 9,7 мың ерлі-зайыпты ажырасқан, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,8%-ға кем. Ауылдық жерлерде ажырасу саны 0,6%-ға, 3,4 мыңға дейін өсті.
Жалпы, өткен жылы некелердің саны 137,7 мыңды құрады — бұл 2017 жылға қарағанда 2,8%-ға аз. Қалалық жерлердегі некелердің үлесі бір жыл ішінде 68,3%-дан 69,6%-ға дейін, ауылдық жерлерде тиісінше 31,7%-дан 30,4%-ға дейін төмендеді.
2018 жылы 54,8 мың ажырасу тіркелген, бұл 2017 жылға қарағанда 0,3%-ға артық. Ажырасудың төрттен үш бөлігі қалаларда болды (бір жыл бұрын — 74,6%), ауылдық жерлерге тек 25% (бір жыл бұрын — 25,4%) келеді.
2019 жылдың бірінші тоқсанында некелердің ең көп саны Түркістан облысы мен Алматыда тіркелген: 3,4 мыңнан астам. Көшбасшылар үштігін Алматы облысы (3 мың неке қиылды) түйіндейді.
Қазақстанның 17 аймағының тек екеуінде ғана некелер санының өсуі байқалды: Алматыда (7,4%-ға) және Ақтөбе облысында (3,5%-ға).
Ажырасу саны бойынша Алматы (1,7 мың) және Алматы облысы (1,4 мың) көш бастап тұр, үшінші орында – Қарағанды облысы (1,2 мың).
Ажырасу саны Қазақстанның 17 аймағының бесеуінде: Ақмола облысында — 6,7%-ға, Ақтөбе облысында — 6,1%-ға, Жамбыл облысында — 5,7%-ға, Алматыда — 3,1%-ға, Нұр-Сұлтанда — 2%-ға өсті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024