Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда пайдалануға берілетін тұрғын үй азайды

Қазақстанда пайдалануға берілетін тұрғын үй азайды

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда 2,7 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2018-тің ұқсас кезеңіне қарағанда 4%-ға аз, деп хабарлады krisha.kz.

Бұл ретте Нұр-Сұлтан (-35.1 %) және Шымкентте (-36.1%) айтарлықтай құлдырау байқалады. Ал қалған аймақтар оң нәтиже көрсетті. Ең жоғары өсім - Павлодар (+44,4 %), Түркістан (+29,5 %) және Атырау (+24,1 %) облыстарында. Алматыда тұрғын үйлерді пайдалануға беру тек 2%-ға өсті.

Тұрғын үй ғимараттарының жалпы санынан 9 795 жеке үй және 208 көппәтерлі үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйдің басым бөлігі - 2,5 млн шаршы метр немесе 92,3%-ын жеке құрылыс салушыларға тапсырған, оның ішінде ЖТҚ-ға 1,5 млн шаршы метр тиесілі.

Пәтерлердің жалпы саны — 23 946. Ең көп үлесін Нұр-Сұлтан (5 698 пәтер), Маңғыстау облысы (2 763) және Алматы (2 560 пәтер) алады. Ең төменгі - СҚО-да (175 пәтер), Павлодарда (498) және Жамбыл (626) облыстарында тіркелді.

Инвестицияларға келер болсақ, қаңтар-наурызда ҚР-да тұрғын үй құрылысына 240,1 млрд теңге бағытталды. Бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 12,9%-ға көп. Алматы (47,4 млрд теңге), Нұр-Сұлтан (30.2 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (21.7 млрд теңге) көшбасшылар қатарында.

Сондай-ақ, 2019 жылдың І тоқсанында бір шаршы метр құрылысының орташа нақты шығындары 107,7 мың теңгені құрады: құрылыс салушыларда — 140 мың, жеке секторда — 83,8 мың.

Айта кетейік, үш айда республикада 82 мың шаршы метр жалға берілетін және 80 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Похожие материалы