Экономика
Қазақстанда пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жеделдеді
Нұр-Сұлтан. 28 шілде. 7kun.kz – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылдың қаңтар-маусымында қолданылмаған немесе заң бұзушылықпен берілген 904 мың гектар жерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 5 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланып отыр», – деді министрлікте.
Бүгінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде 680,9 мың гектар жердің материалдары тіркелген. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің бұйрығына сәйкес, жер ресурстарын басқару органдары 1,5 млн гектардан астам жерге иелік ететін 2584 бизнес субъектісін тексеруді жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024