Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстанда 1,6 млн-нан астам шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.
Статистика комитетінің мәліметінше, олардың үштен екісі жеке кәсіпкерлер. Ал орта бизнестегі субъектілер саны 3 мың бірліктен аз болды.
Бұл ретте, ШОБ өкілдері Алматы мен Нұр-Сұлтаннан басқа, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында да жұмыс істеуді жөн көрді. Бұл өңірлерде 100 мыңнан астам субъект тіркелген.
Сонымен қатар, Қарағанды облысындағы шағын бизнес субъектілері Шымкентке қарағанда көп. Солтүстік Қазақстан облысында шағын бизнес өкілдерінің ең аз үлесі байқалды. Сондай-ақ, мұнда жеке кәсіпкерлердің де саны аз. Орта бизнес субъектілері Жамбыл облысында аз. Ал фермерлер Нұр Сұлтанда жұмыс істегенді ұнатпайды, керісінше, олардың басым бөлігі Түркістан облысында еңбек етеді.
Айта кетейік, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 1,3 млн ШОБ субъектілері бар. Оның ішінде 800 мыңнан астамы жеке кәсіпкерлерге, 200 мыңнан астамы шағын бизнес субъектілері мен шаруа қожалықтарына, 2,6 мыңы орта кәсіпорындарға тиесілі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024