Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы қарашада инфляция 0,9%, жылдың басынан бері – 4,6% (2017 жылғы қаңтар-қарашада – 6,3%) болды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Жылдық инфляция 5,3% деңгейінде сақталды және 2018 жылдың соңында Ұлттық Банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 5,0%-ға және 4,5%-ға өсті.
2018 жылғы қарашада халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы нақты инфляция деңгейінде қалыптасып, 5,3% болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024