Нұр-Сұлтан. 28 сәуір. 7kun.kz – Мәжілісте палата спикері Ерлан Қошанов журналистердің қаржы пирамидалары туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Депутаттар тиісті заң жобасын әзірледі. Бүгінгі таңда арнайы топ жұмыс істейді. Менің ойымша, жақын арада біз бұл құжатты қабылдаймыз. Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын әртістер мен вайнерлердің әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейміз, өйткені бұл алаяқтық схема", - деді ол.
Сондай-ақ, Қошанов алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен, Нұр-Сұлтан қаласында өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің қайғылы оқиғасы туралы білетінін де айтты.
"Қаржы пирамидалар бүгінде барлық өңірлерде үлкен проблема болып отыр. Себебі адамдар танымал вайнерлер, әртістер, қоғамдық пікір көшбасшылары жарнамалап жатқан дүниелерге сенеді. Адамдар соңғы ақшаларын салып, соңынан қиын жағдайға тап болып жатқанын көреміз", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін, Мәжіліс депутаты Дания Еспаева да халықтың қаржылық сауаты төмен болғандықтан аз ақшаны көбейту мақсатында қаржы пирамидаларына жем болады деп мәлімдеген.
ІІМ-де де танымал блогерлер жарнамалаған қаржы пирамидалары туралы айтылды.
Естеріңізде болса, бір жыл бұрын 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Одан халыққа келтірілген шығын көлемі 54 млрд теңгеден асқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024