Қазақстанда қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы әзірленді
Астана. 17 қазан. 7kun.kz – Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» тұжырдамаға қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Тұжырымдама «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ, қаржы нарығы субъектілері, Ұлттық Банк, Еуропа қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк және халықаралық аудиторлық компаниялар өкілдерінің қатысуымен құрылған Жұмыс тобы шеңберінде дайындалды. Жұмыс тобы 15-ке жуық дөңгелек үстел мен семинар ұйымдастырып, халықаралық және жергілікті сарапшылар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жұмыс талқылауларын өткізді. Оны тиімді Макроэкономикалық саясат жөніндегі консультативтік комитетте қарап және ағымдағы жылғы шілдеде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес мақұлдады.
Тұжырымдамада қаржы секторын дамытуды 7 стратегиялық бағыты айқындалды, оларды іске асыру үшін 31 міндет және 81 стратегиялық бастама көзделген.
Тұжырымдаманы іске асыру экономикадағы қаржы нарығының әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Ол үшін тиімділіктің мынадай 7 нысаналы көрсеткіші айқындалды, олар ІЖӨ-ге банктердің несие портфелінің өсуі (43,3%-ға дейін), ІЖӨ-ге сақтандыру ұйымдары активтерінің үлесінің ұлғаюы (5%-ға дейін), 2021 жылғы көрсеткішке бағалы қағаздар нарығын капиталдандырудың өсуі (38%-ға дейін), сондай-ақ 2021 жылғы көрсеткішке микрокредиттер портфелінің өсуі (138,2%-ға дейін).
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024