Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz - Қаржы мониторингі агенттігінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті Qnet халықаралық қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Компанияның Қазақстан аумағында тіркеуі жоқ, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыра алмайды. Банктік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары да жоқ. Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты іс бойынша айыпталушылардың біріне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", -делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Ведомствода өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайтынын атап өтті.
"Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды өте сақ болуға және қаржы пирамидаларына шақыратын алаяқтардың айласына түспеуге шақырады", - делінген ақпаратта.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024