Алматы. 3 қазан. 7kun.kz — Бес жыл ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 1,1 трлн теңгеге өсті.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың тамыз айында бұл көрсеткіш 1,2 трлн теңгені құрады, ал 2014 жылдың тамыз айында – 83 млрд теңге. Осылайша, бес жыл ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу 14 есе немесе 1 трлн теңгеден астам сомаға өсті.
Сонымен қатар, төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын транзакциялар көлемі де өсімді көрсетті: 2014 жылы 670,2 млрд теңгеден 2019 жылы 2,7 трлн теңгеге дейін.
2019 жылдың тамыз айында транзакциялар саны 130,4 млн транзакцияны құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алты есе көп – 19,6 млн.
Сондай-ақ, қадағалау ведомствосында осы жылдың тамыз айында қолма-қол ақшасыз төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар (жалпы көлемнің 25,2%) және интернет/мобильдік банкинг (73,3%) арқылы жасалғанын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024