Қазақстанда Қытай, Үндістан және Түркиядан келген 7 мыңнан астам мигрант жұмыс істейді
Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанда 13,5 мың шетел азаматы жұмыс істейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 496 шетел азаматы еңбек етеді.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 000 рұқсат (екінші санат). Олардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 388 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 438 адам тартылды», – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 645 жұмыс беруші шетелдік азаматтарды жұмыспен қамтып отыр. Оларда 411 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% - ы.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 458 адам (42%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 879 адам (11%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 733 адам (4%); өңдеу өнеркәсібі – 1 641 адам (7%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 1 057 адам (8% ).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 693 адам, Түркия – 1 615 адам, Ұлыбритания – 1 104 адам, Өзбекстан – 391 адам.
2023 жылға Еңбекмині шетел жұмыс күшін тартуға арналған 22 226 бірлік (0,24%) квота белгіледі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024